Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
ERNUR.KZ. «Қостанай-Анталия» бағытындағы рейс жанармай құю кезіндегі техникалық ақауларға байланысты ұша алмады, деп жазады ҚазАқпарат.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Биыл 12 шілдеде «SCAT» авиакомпаниясының ұшағы орындауы тиіс Қостанай-Анталия бағытындағы № 5280 рейсінің ұшуына дайындық кезінде әуе кемесіне жанармай құю рәсімі тоқтатылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Ведомствоның хабарлауынша, бір сағат ішінде ұшақты тоқтатуға негіз болған себептер жойылды. Бірақ авиакомпания әуе кемесіне басқа әуежайдан жанармай құю туралы шешім қабылдады.
Рейс жолаушыларына сілтеме жасаған жергілікті пабликтерідің хабарлауынша, кеме жанармай құю үшін Ақтауға қонған.