Костенко шахтасында опат болған 46 кеншінің құрметіне ескерткіш ашылды

0
495

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 28 қазанында болған. Қайғылы оқиғадан кейін тоғыз лауазымды тұлға қамауға алынды.


Костенко шахтасында опат болған 46 кеншінің құрметіне ескерткіш ашылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында опат болған 46 кеншінің құрметіне ескерткіш ашылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Qarmet компаниясының басшылығы, қаза тапқан кеншілер отбасы, тау-кен өндіру саласының ардагерлері қатысты.

Ескерткіш үш метрлік қара мәрмәрдан жасалған, ол кенжарға кіріп бара жатқан кеншілерді бейнелейді. Алдыңғы жағында кеншілердің есімдеріжазылған. Композиция авторы - мүсінші Игорь Баграмов.

Qarmet компаниясы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Кеншілеріміздің жарқын жүзі мәңгілік есте сақталады!

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 28 қазанында болған. Қайғылы оқиғадан кейін тоғыз лауазымды тұлға қамауға алынды.