"Егер сіздер өз пікірлеріңізді және ұсыныстарыңызды жаңа сайтта жариялап отырсаңыздар дән риза болар едік".
ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми интернет-ресурсы іске қосылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы http://Elbasy.kz іске қосылды. Егер сіздер өз пікірлеріңізді және ұсыныстарыңызды жаңа сайтта жариялап отырсаңыздар дән риза болар едік»»,- деп жазады тұңғыш Президент- Елбасы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.