Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылады: ҰҚК құжат әзірледі

0
113

Тиісті өзгерістер 2026 жылдың төртінші тоқсанында іске асырылады деп күтіледі.


Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылады: ҰҚК құжат әзірледі

Фото: Тұрар Қазанғапов

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызметті енгізу - мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы анықтама беру жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасын Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) әзірледі, деп жазады tengrinews.kz.

Құжат "2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы анықтама беру" атты жаңа мемлекеттік қызметті енгізуді көздейді. Осылайша, жеке тұлғалар 2017 жылдан бастап шекарадан өту деректері көрсетілген ресми анықтама ала алады.

Құжатқа сәйкес, жобаны әзірлеуге Президент Әкімшілігінің азаматтардың өтініштерін талдау қорытындысы бойынша берген тапсырмасы негіз болған. Жаңа мемлекеттік қызмет қажетті мәліметтерді алуды жеңілдетіп, өтініш берушілер үшін бюрократиялық кедергілерді жоюы тиіс.

Бұйрық жобасы ҰҚК Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы қағидаларын толықтыруды қарастырады.

Тиісті өзгерістер 2026 жылдың төртінші тоқсанында іске асырылады деп күтіледі. Құжат "Ашық НҚА" порталда ашық талқылауға шығарылды. Ол 2 қарашаға дейін жалғасады.

Бұған дейін қазақстандықтардың қайтыс болғаннан кейін кремациялауға келісімін алдын ала онлайн рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Енді көзі тірісінде еркін нотариусқа бармай-ақ, eGov порталы арқылы тіркеуге болады.