Ыстанбұлдағы табиғи апаттан кейін қылмыстық іс қозғалды

0
87

Түркияның Әділет министрі Акын Гүрлек Ыстанбұлда нөсер жаңбырдан туындаған су тасқынына байланысты адам өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.


Ыстанбұлдағы табиғи апаттан кейін қылмыстық іс қозғалды

Фото: Aydinlik

ERNUR.KZ. Түркия прокуратурасы Ыстанбұлдағы нөсер жаңбыр мен су тасқынынан адамдардың қаза табуына байланысты тергеу бастады. Сондай-ақ заңбұзушылықтар мен салғырттық фактілері де тексеріледі, деп жазады inform.kz.

Түркияның Әділет министрі Акын Гүрлек Ыстанбұлда нөсер жаңбырдан туындаған су тасқынына байланысты адам өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, тергеу оқиғаның мән-жайын толық анықтауға, жауапсыздық пен заң бұзушылық деректерінің бар-жоғын тексеруге бағытталған.

Осы оқиғаға байланысты Фатих ауданында 14 жастағы Махмут Ышылдақтың қаза табуы көпшіліктің назарын аударды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім тоққа түсіп көз жұмған.

Қазір оқиға орнында техникалық тексеру мен сараптама жүргізіліп жатыр. Акын Гүрлек оқиғаның мән-жайы анықталғанша тергеу жалғасатынын айтты.

Бұған дейін Ыстанбұлдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны төрт адамға жеткенін хабарлаған едік.