Кранда ілініп, шырша безендірген жұмысшы жазалануы мүмкін

0
630

Қазір жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.


Кранда ілініп, шырша безендірген жұмысшы жазалануы мүмкін

ERNUR.KZ. Желіде Атыраудағы Исатай және Махамбет алаңдарына қойылған бас шыршаны безендіру сәті түсірілген сурет тарады. Кадрда жұмысшы кранға ілініп тұрғаны көрінеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Фото Instagram желісіндегі qumash_kz-парақшасында жарияланған.


Бұл сурет желі қолданушыларын күлдірді, олар жазбаға түрлі пікір қалдырған: "Spider man өзгерген", "Технология көмегі", "Мереке үшін не істейсің?".

"Мой город" порталы мәліметінше, Атырау қаласы әкімдігі қауіпсіздік ережесін бұзғандарға шара қолданылатынын мәлімдеген.

"Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Шара қолданылады", - деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.