Қ.ТОҚАЕВ: «Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек»

0
273

«Себебі, экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатыр».


Қ.ТОҚАЕВ: «Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек»

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек екендігін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«ЕКІНШІ. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек. Өндіру саласындағы жобалардан түскен пайда қайтадан инвестиция ретінде экономикаға салынып жатыр. Тікелей шетел инвестициясы, негізінен, осы қаражаттың есебінен қамтамасыз етіліп отыр», - деді Президент өз сөзінде.


Сонымен қатар, мемлекет басшысы негізгі капиталға салынған инвестицияның ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесі азайып бара жатқанын айтып, мұның күрделі жағдай екендігін жеткізді.


«Себебі, экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатыр. Соның салдарынан, алдағы жылдары елдің даму қарқынын сақтап тұрудың өзі қиын болуы мүмкін. Сондықтан, ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.