Бюджет қаржысы экономикалық жағынан маңызды әрі табыс әкелетін салаларға жұмсалуы керек.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыруар қаржының игерілмей қалуына жол берілмеуі тиіс екенін атап көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
«Бюджет саясатында алдымызға қойылған нақты мақсаттар, жоспарлар бар. Мәселен, мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтуға, ұлттық қордың активтерін тұрақтандыруға және оны сақтау ісіне басымдық беріледі. Бюджет қаржысы экономикалық жағынан маңызды әрі табыс әкелетін салаларға жұмсалуы керек. Барлық шешімдер алдын-ала жан-жақты зерттеліп, экономикалық прагматизм тұрғысында қабылданғаны жөн. Бұл қаражаттың тиімді жұмсалуына әсер етеді. Бюджет тапшы кезеңде қыруар қаржының игерілмей қалуына жол берілмеуі керек», деді Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Д.Қыдырәлінің сауалына берген жауабында.