ҚТЖ басшылығы тергеуге алынды - прокуратура

0
737

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісін анықтады.


ҚТЖ басшылығы тергеуге алынды - прокуратура

ERNUR.KZ. Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшылығына қатысты тергеу шаралары басталды, деп жазады sputnik.kz.

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісін анықтады.
Оған "Қазақстан темір жолы" АҚ басшылығының қатысы бар болуы мүмкін. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Арызға сәйкес, келтірілген алдын ала залал 1,5 миллиардтан астам сома ретінде көрсетілді. Тергеу процесс прокурорлары тобының басшылығымен жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, былтыр маусым айында бас көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында тағы бір заң бұзушылықты анықтаған. Сол кезде ҚТЖ өзінің үстем монополиялық жағдайын теріс пайдаланған.
Атап айтқанда, компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін бірінші тасымал жүзеге асырылған сәттен бастап төмендететін коэффициент қолданылғаны анықталған. Ал басқа кәсіпкерлік субъектілеріне (тасымалдаушыларға) қатысты мұндай жеңілдіктер жыл соңында тасымалдың кепілдендірілген көлемі орындалғаннан кейін ғана берілген.