Ұлттық компания жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр.
ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталуынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Тасымалдау процесі үздіксіз жүзеге асырылып, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Қозғалыс қауіпсіздігі және тасымалдау кестесінің орындалуы үнемі бақылауда. Компанияның жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелері толық көлемде орындалады", – делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталған болатын. "Самұрық-Қазына" және "Қазақстан темір жолы" басшыларының ұсталғаны туралы жаңалықтан соң оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. "Самұрық-Қазына" Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.


