​ШЫМКЕНТ: Қор филиалының қызметкерлері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

0
96


​ШЫМКЕНТ: Қор филиалының қызметкерлері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Алғыс хатымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының бірқатар қызметкері марапатталды.

Алғыс хатқа «Медициналық көмекті сатып алу және ақы төлеу» бөлімінің басшысы Нұржан Серікұлы, «Медициналық көмекті жоспарлау, орындалуын талдау және болжау» бөлімінің басшысы Аққожа Құрбанов, осы бөлімнің бас сарапшы-есепшісі Ұлжан Утебаева мен бас сарапшысы Мира Сарсебаева ие болды. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар бағыты бойынша бас сарапшылар Құрванбай Достаев пен Әлибек Шураев марапатталды.
Алғыс хаттарды Қор филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаева табыстап, әріптестерін мерекемен және лайықты марапаттарымен құттықтады. Құттықтау сөзінде ұлттық валютаның ел экономикасындағы маңызына тоқталып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әр маманның еңбегі бағалы екенін атап өтті. Сонымен қатар марапат иелеріне кәсіби табыс, жаңа жетістіктер мен отбасыларына амандық тіледі.
Бұдан бөлек, Қордың құрылғанына 10 жыл толуына орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы Медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингілеу бөлімінің бас сарапшысы Айжан Сердалиеваға табысталды.
Бөлісу