ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды

0
958

Тергеуде шығын бюджетке толық көлемде кері қайтарылды.


ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды

Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтығына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 2015-2019 жылдары Қарағанды магистральдық желі филиалы станцияларындағы қоршау жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалпы сомасы 57 млн астам теңге көлеміндегі қаражатын жымқырғаны анықталды.

Тергеуде шығын бюджетке толық көлемде кері қайтарылды.

Сот үкімімен Құдайқұловқа 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.