Үкім заңды күшіне енді.
ERNUR.KZ. Алматы көлік прокуратурасы бухгалтерлік материалдарды зерделеу барысында "ҚТЖ-Жүк тасымалы"-"Алматы жүк тасымал бөлімшесі" филиалының лауазымды тұлғасының аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықтады, деп жазады zakon.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, мәселен, "К" лауазымды тұлғасы филиал қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың банктік шоттарына 82 млн теңгеден астам соманы аударған.
Көрсетілген ақшалай қаражатты әйел адам өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
"Аталған факт бойынша материалдар экономикалық тергеу органдарына процестік шешім қабалдау үшін жолданып, Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, яғни аса iрi мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша".Алматы көлік прокуратурасының баспасөз қызметі
17 ақпандағы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен "К" лауазымды тұлғасы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарға орналасуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып шартты түрде 7 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Келтірілген материалдық залал толығымен өтелді.