30 қарашада ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін айтты.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аса қатыгездікпен кісі өлтірудегі кінәсі тергеуде дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес, аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге, не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі, мүлкі тәркіленіп немесе 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
30 қарашада ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін айтты. Ол Бишімбаевтың ісі Бас Прокурордың ерекше бақылауында екенін атап өтіп, ол апта сайын Бас Прокурордың тікелей бақылауында болатынына сендірді.


