Қуат Хамитов Ақтау мен Жаңаөзендегі митингке қатысты пікір білдірді

0
761


Қуат Хамитов Ақтау мен Жаңаөзендегі митингке қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов Маңғыстау облысында газ бағасының өсуі мен митингке қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Ассалаумағалейкүм, достар! Мені Жаңаөзеннің, Ақтаудың халқы (ред. газ бағасының қымбаттауына байланысты) осы жағдайға байланысты комментарий қалдыруын сұрап жатыр. Сондықтан мен әрқашан да халықпен біргемін. Жаңаөзен халқына, Ақтау халқына айтарым – біз сіздермен біргеміз! Газдың бағасын көтергені дұрыс емес деп есептеймін. Өйткені халыққа өте ауыр тиіп жатыр. Қазір халықтың жағдайы аса мәз емес. Тек газға қатысты емес, ай сайын бензин болсын, азық-түлік болсын бәрі қымбаттап жатыр. Сол себепті мемлекет бұл мәселені қолға алу керек. Халықтың жан айқайын есту керек. Осы орайда Жаңаөзен халқы, біз сіздермен біргеміз! Алға!", - деген жазба қалдырды Хамитов инстаграм парақшасында.

Еске салайық, 2 қаңтар күні газ бағасының күрт қымбаттауына орай Жаңаөзен қаласының тұрғындары көшеге шығып, биліктен бағаның төмендетуін сұраған еді. Артынша Ақтау қаласының халқы да аталмыш акцияға қосылды. Нәтижесінде митингке шыққандар Ақтау мен Жаңаөзендегі көшелерді жауып тастады. Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға байланысты билікке мәселенің шешімін табу үшін тапсырма берді.

Сонымен қатар, премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты комиссия құрылды. Комиссияның негізгі міндеті газ бағасын төмендету.