Қуаты — 2 балл: Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

0
548

Жер сілкінісі 6 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 05:09-да тіркелген.


Қуаты — 2 балл: Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Алматыда сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"6 наурызда, алдын ала сағат 5:11-де Алматыда жер сілкінісі болды, оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі өңдеп жатыр. Жер сілкінісінің ошағы мен күші туралы ақпарат нақтыланып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жер сілкінісі 6 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 05:09-да тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде, Қытай аумағында, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,6. MPV магнитудасы - 5,4. (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда екі балл.