Күдебаевтың жаза өтеу мерзімі ұзартылды

0
349

Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталған Күдебаев соттағы соңғы сөзінде өз кінәсін толық мойындаған болатын.


Күдебаевтың жаза өтеу мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Сот Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевты ҚК-нің 392-бабы бойынша кінәлі деп танып, 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазады ulysmedia.kz.

Алайда жазаларды қосу арқылы бұрын тағайындалған 10 жыл мерзім қосымша үш айға ғана ұзартылды.

Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталған Күдебаев соттағы соңғы сөзінде өз кінәсін толық мойындаған болатын.

Қорғаушы тарап оның бұған дейін сотталғанын және өз кінәсін мойындағанын ескере отырып оған 500 АЕК (1 млн 725 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде балама жаза тағайындауды сұрады.

Еске салайық, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляция үкімді өзгерісіз қалдырды.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткені хабарланған болатын. Экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқаны анықталды. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтің ел шекарасынан қалай өткенін айтты.

Ал жуырда Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашу ісі бойынша 5 адам сотталғаны белгілі болды.