Күйеуі темір таяқпен зорлаған: БҚО-да әйел адам жансақтау бөліміне жеткізілді

0
738

Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан.


Күйеуі темір таяқпен зорлаған: БҚО-да әйел адам жансақтау бөліміне жеткізілді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік оқиға болды. Мас ер адам әйелін аяусыз соққыға жығып, артынша темір таяқпен зорлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 16 мамырда Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде болған. Аса ауыр халде жергілікті ауруханаға жеткізілген әйелге шұғыл түрде ота жасалған.

«39 жастағы әйел көп қан жоғалтқан. Тоқ ішегі жыртылып, тамырлары жарылған. Енді оған ұзақ уақыт реабилитациядан өтуге тура келеді. Бүгінде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды», - деп хабарлады облыстық ауруханадан.

Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартты.

Аталған фактіні БҚО полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Ер адам үйқамақта отыр.