Күн күрт ысиды: синоптиктер алдағы күндерге ауа райын болжады

0
1 694

8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.


Күн күрт ысиды: синоптиктер алдағы күндерге ауа райын болжады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 7-9 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ұрып, екпінді желмен жаңбырлы ауа-райы сақталады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

"Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 жылуға дейін көтеріледі деп болжанады. Ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 жылы болады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 22-30 жылы градус сақталады", - делінген хабарламада.