«Күн сайын құдайдан әкеме денсаулық және ұзақ ғұмыр бер деп сұраймын!» - Әлия Назарбаева

0
933

Қызы әкесінің абыройын тағы бір асқақтатып қойды.


«Күн сайын құдайдан әкеме денсаулық және ұзақ ғұмыр бер деп сұраймын!» - Әлия Назарбаева

ERNUR.KZ. Елбасының кенже қызы қазақстандықтарды "Тұңғыш Президент күні" мерекесімен құттықтады, деп жазады Skifnews.kz.

Әлия Назарбаева instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл күні отандастарын айтулы мерекемен құттықтай отырып, әкесінің президент лауазымында 29 жыл үздіксіз қызмет еткенін мақтанышпен жеткізді.

Сондай-ақ, желідегі жазбасында әкесінің әлі күнге дейін ел игілігі үшін еңбек етіп келе жатқандығын алға тартты. Осы сөзі арқылы әкесінің абыройын тағы бір асқақтатып қойды.

"Әкемнің тегін үлкен құрметпен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Күн сайын құдайдан әкеме денсаулық және ұзақ ғұмыр бер деп сұраймын!", - деп жазды ол.