Құрылыс инженерлері сертификат алуға міндеттеледі

0
100

Ал құрылыс компанияларына берілетін лицензиялардың бірыңғай тізімі енгізіледі.


Құрылыс инженерлері сертификат алуға міндеттеледі

фото:: Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана

ERNUR.KZ. Жаңа Құрылыс кодексі бойынша құрылыс инженерлерін сертификаттау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі аттестаттау тәртібі сарапшылар мен инженерлердің нақты біліктілік деңгейін толық көрсете алмай отыр.
"Осыған байланысты халықаралық тәжірибені, соның ішінде Еуроодақтың озық тәжірибесіне сүйене отырып, құрылыс инженерлерін сертификаттау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл рәсімді мемлекет емес, нарықтың өзі, яғни тәуелсіз ұйұмдар жүзеге асыратын болады", - деді Нағаспаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал құрылыс компанияларына берілетін лицензиялардың бірыңғай тізімі енгізіледі. Ол үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланады.
"Жаңа жүйе берілген барлық рұқсаттарды қайта қарап, заң талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Сәйкес келмейтін компанияларды тізілімге енбейді. Осылайша адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды", - деді министр.