Құс фарикасын басқарған: Мұсабаев Азаматтық авиация комитетінің басшысын бұл саладан хабары жоқ деп айыптады

0
418

Мұсабаев қазақстандық ұшқыштар шетелдік әріптестеріне қарағанда үш-бес есе аз жалақы алып отырғанын айтып, бұл кемсітушілік екенін мәлімдеді.


Құс фарикасын басқарған: Мұсабаев Азаматтық авиация комитетінің басшысын бұл саладан хабары жоқ деп айыптады

ERNUR.KZ. Ұшқыш Талғат Мұсабаев отандық авиация басшылығында бұл саладан мүлдем хабары жоқ, білімсіз тұлғалардың отырғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

“Басшылықта авиацияда жұмыс істегені былай тұрсын, орта және жоғарғы білімі жоқ адамдар отыр. Сондықтан, есеп берудің сапасы да төмен болары анық. Авиация Комитетінің басшысының авиациялық білімі жоқ. Бұл қызметке келмес бұрын құс фабрикасының басшысы болып жұмыс істеген”, – дейді Талғат Мұсабаев.

Мұсабаев қазақстандық ұшқыштар шетелдік әріптестеріне қарағанда үш-бес есе аз жалақы алып отырғанын айтып, бұл кемсітушілік екенін мәлімдеді.

Отандық авиация саласында көптеген мемлекеттік функциялар жеке меншікке өтіп кеткен. Экономикалық бақылаушы Денис Кривошеевтің пікірінше, бұл саланың жеке меншікке өтуі отандық авиацияның дамуына кедергі келтіреді.