Мамандар гидравликалық құралдың көмегімен фляганың қабырғаларын кесіп, баланы абайлап шығарып алды.
ERNUR.KZ. Аягөз қаласында жеке үйдің ауласында ойнап жүрген кішкентай қыз металл флягаға кіріп кетіп, қайта шыға алмай қалған, деп жазады Skifnews.kz.
«Бұл оқиға қыздың ата-анасының көз алдында болды. Олар өздері баланы шығара алмай, құтқарушылардан көмек сұрады», — деп хабарлады облыстық ТЖД.
Мамандар гидравликалық құралдың көмегімен фляганың қабырғаларын кесіп, баланы абайлап шығарып алды. Қызға медициналық көмек қажет болмады.
Мамыр айында Оралда бір бала подстанцияға шығып, төртінші дәрежелі күйік алған еді.