Бір жылда мыңдаған сарбаз әскери істің қыр-сырын үйреніп, бөлімшелер құрамында жаттығуларға қатысты.
ERNUR.KZ. ҚР Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Қарулы күштерде әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген 7 мыңға жуық сарбаз биылғы күзде запасқа шығарылады, деп жазады ҚазАқпарат.
Барлық әскери бөлімде салтанатты шаралар ұйымдастырылды, сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасып, плацта соңғы рет сап түзеп жүріп өтті. Ал командирлер мен жеке құрам запасқа шығарылған мерзімді қызметтің сарбаздарына құрмет көрсетуде. Үздіктері грамоталармен, бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.
«Туған жерлеріне келгеннен кейін запасқа шығарылған әскери қызметшілер жергілікті әскери басқару органдарында әскери дайындалған резерв ретінде есепке алынады», - делінген ведомство мәліметінде.