Күзде пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды

0
514

Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді.


Күзде пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды

ERNUR.KZ. Күзде Қазақстанда пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Бағасы көтерілген билет бұл күнге 45 күн қалғанда – тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды.
Көлік министрлігі баспасөз қызметі бүгінде елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тариф көтеріледі.
Шенеуніктердің пайымдауынша, билет құнының өсуі қызмет көрсету сапасына тікелей әсер етеді, өйткені соңғы 10 жылда инфляция деңгейіне индекстеу шараларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар салалардың тарифі бірде-бір рет өзгермеген.
"Пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%", - деп түсіндірді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
"Тальгоның" бағасы шамамен 19 493 теңге, стандартты пойыздарда купе құны 19 653 теңге, плацкартта 12 871 теңге болады. Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңгені құрайды.
Ұлттық тасымалдаушы кондиционері жоқ вагондарға сатылатын билеттерге 20%-ға дейін жеңілдік береді.