Күзетшіні көлікпен қағып, аяусыз ұрған ер адам 14-қабаттан секірмек болған

0
550

Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, оны тоқтатқан.


Күзетшіні көлікпен қағып, аяусыз ұрған ер адам 14-қабаттан секірмек болған

ERNUR.KZ. Алматы полиция департаменті түнгі қайғылы оқиғаның жай-жапсарын жариялады. Бір күн бұрын ер адам тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні ұрып-соғып, кейін ол қайтыс болды. Ал төбелес шығарған адам 14-қабаттан секірмек болған, алайда тәртіп сақшылары әрекеттің алдын алды, деп жазады zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен тұрғын үй кешенінің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақатын жасаған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны айтылды.

"Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталуда", - деп қосты полиция.

Айта кетейік, Қазнетте оқиға куәгері түсірген видео кеңінен таралған болатын. Кадрларда ер адам жерде жатқан ес-түссіз күзетшіні ұрып-соғады.

Ұсталғанның анасының айтуынша, оның ұлы мен күзетшісі ішімдік ішкен. "Тойдың" соңы жанжалмен аяқталды. Алдымен бұзақы қауіпсіздік пунктіне алкоголь бөтелкелерін лақтырып, кейін көлігін шлагбаумға айдап кеткен. Осыдан кейін ол күзетшіні ұра бастаған.

Ер адам мұнымен тоқтап қалмады. Ол 14-қабатқа көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсап секіргісі келген. Алайда тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, оны тоқтатқан.