Қылмысты иіс арқылы анықтайтын одорологиялық зертхана ашылды

0
2 007

Адамның иісі тек жеке өзіне ғана тән химиялық «қолтаңбасы» болып табылады


Қылмысты иіс арқылы анықтайтын одорологиялық зертхана ашылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы ПД бастығы, полиция генерал майоры Амантай Әубәкіровтің бастамасымен іздердің иісін одорологиялық іріктеу әдісімен қылмысты ашу мақсатында одорологиялық зертхана ашылды, деп жазады pavlodarnews.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті тұлғаларды анықтау үшін арнайы дайындалған қызметтік иттердің көмегімен зертхана жағдайында адам іздерінің иісіне одорологиялық іріктеу жүргізілетін болады.

"Одорологиялық іріктеудің негізгі міндеттері белгілі бір адамның қалдырған иісі бойынша сәйкестікті орнату және бір немесе әртүрлі адамдармен қалдырылған бірнеше заттардағы иістерді анықтау болып табылады. Иіс іздерінің мәнін бағалау қиын. Иісті тану күдіктінің иіс іздерін құтыға салу және оны қылмысқа қатысы жоқ адамдардың иісі салынған басқа құтылардың арасына орналастыру арқылы жүргізіледі. Мұнда басты рөлді үйретілген ит атқарады, яғни ол қаскүнемдердің иісін сезуі керек. Нақты иістің сол немесе басқа адамға қатысы бар ма екені саусақ іздері немесе ДНҚ-талдау сияқты дәлелдеме болып табылады", - деді департаментте.

Мамандардың пікірінше, адамның иісі тек жеке өзіне ғана тән химиялық «қолтаңбасы» болып табылады. Адамның иісі киімге, аяқ киімге жеңіл сіңіп, көпке дейін тұрақтайды.

Иісте сақталатын ақпаратты пайдалану әдетте куәгерлерсіз жасалатын қылмыстарды табысты ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде сарапшы-криминалистердің табысты және нәтижелі жұмыс жасауы үшін қажетті құралдардың барлығы бар.