Қазақстанда қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатқандарға жауапкершілік күшейтіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы парламенті cенаты палатаның жалпы отырысында тиісті түзетулерді қабылдады, деп жазады zakon.kz.
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екі оқылымда қабылдады.
Заң жобалары сенат отырысында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы күрес бойынша қаржылық шараларды қабылдау, халықаралық стандарттарға сәйкестік тұрғысынан ұзақ мерзімді нәтиже, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жүйесін күшейту мақсатында әзірленді.Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Бекболат Орынбеков
Сенатор заң жобалары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың сарапшы-бағалаушыларының жекелеген ескертулерін жоюға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Құжаттар екінші оқылымнан өтті. Осылайша заңдар қабылданды деп есептеледі және ел президентіне қол қоюға жіберіледі.