Қырғызстанда екі қазақстандық полицейлерден 2500 доллар бопсалады деген күдікке ілінді

0
139

РҚ Қылмыстық кодексінің 208-бабы (бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қырғызстанда екі қазақстандық полицейлерден 2500 доллар бопсалады деген күдікке ілінді

Фото. РҚ Шу облысының ІІББ

ERNUR.KZ. Қырғызстанның ІІМ Ішкі тергеу қызметі мен Шу облысы ІІД қызметкерлері ақша бопсалағаны үшін екі шетелдік азаматты ұстады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

1 ақпанда Қазақстан азаматтары әлеуметтік желілерде компроматтық видео жариялаймыз деп қорқытып, Шу облысының жол полициясы басқармасының қызметкерлерінен 2500 АҚШ долларын талап еткені туралы ақпарат түскен.

Аталған факті бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 208-бабы (бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу барысында Сокулук ауданы, Военно-Антоновка ауылында қызмет атқарған полицияның жедел уәкілі А.Н. мен полиция аға сержанты М.Б. Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқаны анықталды. Оны Қазақстан азаматы, жүргізуші куәлігі жоқ Б.А. басқарған, ішінде А.Р. де болған.
Көлікті айып тұрағына сүйреп апара жатқанда, екі азамат патрульдік көліктің жәшігіне 6000 сом тастап, ақша жатқанын бейнежазбаға түсірген. Кейін осы видеоны пайдаланып, полицейлерден 2500 доллар талап еткені анықталды. Полиция 1990 жылы туған Б.А. мен 1984 жылы туған А.Р.-ды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – делінген хабарламада.

Тінту кезінде күдіктілерден таңбаланған ақшалай қаражат тәркіленді, ал істі толық анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.