Қырғызстандық Викрам Рузахунов Қаңтардағы тергеуге қатысу үшін елімізге келді

0
584

Қырғыз музыканты тергеу іс-шараларына жәбірленуші ретінде қатысады.


Қырғызстандық Викрам Рузахунов Қаңтардағы тергеуге қатысу үшін елімізге келді

ERNUR.KZ. 26 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шақыруымен қырғызстандық Викрам Рузахунов адвокатымен бірге Қаңтардағы тергеуге қатысу үшін Алматы облысына келді, деп жазады inbusiness.kz.

10 ақпанда оған қатысты азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Мен "террорист" және "бүлікші" ретінде таныстырғылары келген алғашқы шетел азаматы болдым. 8 айдан кейін азаптау туралы ісім бойынша ешкім қамауға алынбады және жауапқа да тартылған жоқ", - деп жазылған публикацияда.

Айта кету керек, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қырғыз музыканты Викрам Рузахунов тәртіп сақшыларының күш қолданғанын хабарлаған болатын.