Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

0
624

Еске салайық, биылғы мамыр айында Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екендігін оның адвокаты Сұңқар Нұрмағабметов айтқан болатын.


Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

ERNUR.KZ. ҚР Бас прокуратурасы Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартылғанын растады, деп жазадыҚазАқпарат.

«2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотты болған Ақжарқын Тұрлыбайдың өзін Қазақстанға ауыстыру туралы жазбаша өтінімі түскен болатын. Сол күні-ақ Қытай тарабына тиісті сауал жолданды. ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартылған. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін ескеріп, осында шешім қабылданғаны айтылған», - деп жазылған бас прокуратураның мәліметінде.

Дегенмен, Бас прокуратура өкілдері әлі де болса үміт үзуге болмайтынын меңзеп отыр.

«Алайда Қазақстан тарабы Тұрлыбайдың елге қайтарылуынан үмітін үзбейді. Қытай соты оның жаза мерзімін қысқартып, нақты жылдарды атап белгілесе елге қайтару мүмкін болады», - деп жазады Бас прокуратура мамандары.

Еске салайық, биылғы мамыр айында Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екендігін оның адвокаты Сұңқар Нұрмағабметов айтқан болатын.