Қытай Қазақстанға 2 айда 5 мың автокөлік экспорттаған

0
728

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында, шығыстағы көршіміз бізге 5 мыңға жуық машина экспорттаған.


Қытай Қазақстанға 2 айда 5 мың автокөлік экспорттаған

ERNUR.KZ. Қытай Қазақстанға жеңіл автокөлік жеткізетін негізгі мемлекетке айналды, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың жалпы құны 83 млн доллардан асады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, шамамен 9 есе көп.

Сарапшылардың сөзінше, Қытайдың автоөнеркәсібі, Қазақстан нарығын былтыр жаулай бастады. Егер Ресейде сатылған әрбір үшінші жаңа көлік, Қытайда өндірілген болса, 2023-тің алғашқы 2 айында Қазақстан нарығындағы қытайлық машиналардың үлесі 14-15%-ға дейін жетті.