Қытай Қырғыз елімен арадағы шекараны бір аптаға жапқалы жатыр

0
687

Шекарадағы өткізу бекетінің жұмысы 31 қаңтардан бастап жанданады.


Қытай Қырғыз елімен арадағы шекараны бір аптаға жапқалы жатыр

ERNUR.KZ. Қытай Қырғызстанмен арадағы шекараны 24-30 қаңтар аралығында бір аптаға жабады, деп жазады zakon.kz.

"Мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесіндегі Торуғарт және Иркештам өткізу бекеттері 24-30 қаңтар аралығында уақытша жабылады" делінген баспасөз хабарламасында.

Шекара қытай тарапының бастамасымен ұлттық көктем мерекесі - Қытайдың Жаңа жылын атап өтуге байланысты жабылады.

"Шекарадағы өткізу бекетінің жұмысы 31 қаңтардан бастап жанданады", деп атап өтті баспасөз қызметі.