Жолаушылар көлігі Алашанькоу қаласынан аттанады.
фото: Скриншот видео YouTube / Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Қытай Талдықорған мен Үшаралға қайтадан жолаушылар автобустарын жібереді, деп жазады sputnik.kz.
Қытай мен Қазақстанның көлік компаниялары жолаушылар тасымалы үшін автобус бағыттарының жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге қол қойды. Автобустарды жөнелту пункті – Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданының Алашанькоу қаласы.
"Бұл - Қытай мен Қазақстанның халықаралық көлік желісін кеңейтуге, сондай-ақ екі жақтың экономика, сауда және мәдениет саласындағы өңіраралық өзара байланысын нығайтады", - делінген хабарламада.
Ал кәсіпорын өкілдері қайта іске қосылған маршруттардың тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тығыз ынтымақтасатынын айтты. Сондай-ақ сауда және туризм саласында екіжақты алмасуды дамыту үшін трансшекаралық тасымалдардың жаңа маршруттарын ашу мүмкіндігін зерделейтін болады.
Қытай шекарасында орналасқан Алашанькоудан Талдықорғанға дейінгі қашықтық шамамен 190 шақырым, ал Үшаралға дейінгі қашықтық 560 шақырым болады.