Қазақстан нарығы Қытайдың қызығушылығын тудырып отырған жоқ
ERNUR.KZ. Қазақстан президентінің бұрынғы-кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев еліміздегі Қытайға қарсы митингілердің артында кім тұрғанына қатысты өз болжамын айтты. Оның пікірінше, Қытайға қарсы көзқарасқа АҚШ тарапы әсер етуде, деп жазады Stan.kz.
«Америкалықтар деп ойлаймын. Себебі оларда Қытаймен сауда қырқысы болып жатыр. Тек Америка Пекиннің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы саясатына қарсылық танытуда», - дейді Ертісбаев.
Сонымен қатар Ертісбаев Вашингтон Пекиннің Шыңжаңды дамытуға үлкен қаржы салғаны туралы деректі елемей отырғанын айтты.
«Америка Қытайдың қарқынды түрде дамуына бұрыннан бері қатты алаңдаулы. Қытайлар чипке жетсе, сонымен болды! Америка №1 держава болмай қалады», - дейді ол.
Ермұхамет Ертісбаевтың пікірінше, Қытайдың басты мақсаты – инфрақұрылым. Сондықтан әзірге Қазақстан нарығы ҚХР-ның қызығушылығын тудырып отырған жоқ, дейді.