Қызметкер екпе салдырмаса, жұмыс берушіге айыппұл салынады

0
620

Денсаулыққа байланысты вакцина алмайтын болса, оны растайтын медициналық анықтама алу керек.


Қызметкер екпе салдырмаса, жұмыс берушіге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Вакцина салдырмаған адамның жұмысқа кіріп-шығуы шектеледі, деп жазады 24.kz.

Елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында «Екпе алмағандар немесе алғысы келмейтіндер апта сайын ПТР тест тапсыруы керектігі» жазылған. Оның мерзімі 7 күнге жарамды. Ал денсаулыққа байланысты вакцина алмайтын болса, оны растайтын медициналық анықтама алу керек. Бұл халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, банк, валюта айырбастау бөлімшелері, гүл сататын орындарға, нотариус, сауда үйлері, қонақүйлер, әуежай, мектеп, балабақша және өзге де мекемелерге қатысты талап.

Марал Рақымжанова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

– Қаулыда физикалық тұлғалар деп көрсетілгені – жеке кәсіпкерлерді меңзегені. Яғни, қарапайым азамат, не жұмысшыға қатысты емес. Қаулыға сәйкес, жұмыс берушілер бәріне екпе салдыруды ұйымдастыруы шарт, әрі вакцина салдырмағандарды оффлайн жұмысқа тартпауы керек. Яғни, бірінші компонентті шілденің 15-нен кейін, екінші компонентті тамыздың 15-не дейін салдырмаған жұмысшылар қашықтан жұмыс істеуге міндеттеледі. Немесе апта сайын ПТР тест тапсыруы тиіс.