Қызылорда да «Қорқыт ата» кітабының тағы бір эпосы табылды

0
2 668

«Қорқыт Ата кітабының» Дрезден және Ватикан қалаларында сақталған екі қолжазбасы бар.


Қызылорда да «Қорқыт ата» кітабының тағы бір эпосы табылды

ERNUR.KZ. Қорқыт ата» кітабының тағы бір эпосы табылды, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі, әдебиеттану PhD докторы Бекарыс Нұриман мәлім етті. Оның айтуынша, «Қорқыт ата» кітабының тағы бір эпосы табылған. Ол Салур «Қазанның айдаһарды өлтіруі» деген дастан деп аталады.

«Бұл жағымды жаңалықты Түркияның Байбұрт қаласында өткен халықаралық симпозиумда профессор Метин Екижи баяндамасында баяндап берді. Бұл симпозиум 25-27 сәуір күндері өтіп жатыр. Түркиялық ғалым табылған қолжазбаны ғалымдардың ортасында көрсетіп, ғылыми тұжырымдамасын жасағаны туралы хабарлады», - деді Бекарыс Нұриман.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары халқымыздың тарихын түгендеуге сүбелі үлес қосып келеді.

Айта кетелік, «Қорқыт Ата кітабының» Дрезден және Ватикан қалаларында сақталған екі қолжазбасы бар. Бірінші нұсқада 12, екіншісінде 6 дастан жазылғаны бұрыннан мәлім. Метин Екижидің айтуынша, табылып отырған қолжазба 13-ші дастан саналады.

«Қорқыт ата» кітабы - қаһармандық эпос үлгісі. Оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы ретінде бағаланады. Қорқыт ата Сыр өңірінде Х ғасырда оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде өмір сүрген. Түбі бір түркінің ортақ абызы саналады. Былтыр қараша айында

«Қорқыт ата» мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енді.