Бүлдіршіннің денесінде ит тырнағының іздері қалған.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында алабай ит көшеде кетіп бара жатқан баланы талап тастай жаздаған, деп жазады inbusiness.kz.
Оқыс оқиғаны байқаған ересектер итті қуалап, баланы құтқарып қалған. Шошып қалған баланың денесінде ит тырнағының іздері бар.
Оқиға 28 мамыр күні Қызылжарма ауылында болған. Видеода көрініп тұрғандай, шошып кеткен бала басын қолымен жауып жерде жатыр. Оның үстінде алабай тұр. Ересектер итті қорқытуға бар күш-жігерін салып, ақыры қуып жіберді. Артынша ит таяқпен ұрған адамның қасынан жүгіріп өтіп, арғы жағында тұрған үйдің есігіне кіріп кетті. Оның ішінен атып шыққан бала көшеге жүгіреді.
Әзірге Қызылорда облысының ветеринария басқармасы аталған жағдайға қатысты түсінік бермеді.