Қызылорда облысында мектеп оқушысының өлімінен кейін әкімдер жазаланды

0
311

Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар арасындағы төбелестен кейін екі ауданның әкімі жауапқа тартылды.


Қызылорда облысында мектеп оқушысының өлімінен кейін әкімдер жазаланды

ERNUR.KZ. Облыстағы Шиелі және Сырдария аудандарының әкімдері қатаң сөгіс алды. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған, төбелеске жол берген Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры, учаскелік инспектор қызметтерінен босатылады, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімі жиын өткізді.

“Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 30-дан 26-ға дейін азайғанымен, ауыр қылмыстар, керісінше, жыл басында, яғни наурыз айында Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылында болған құқық бұзушылықтар саны артқан. Жуырда Қызылорда қаласындағы Белкөл ауылында, Шиелі ауданындағы Қодаманов ауылында төбелесіп қаза тапқан жасөспірім балалар арасындағы қылмыстардан бөлек, ұстаздар тарапынан орын алған қылмыс фактілері де ешкімді бейжай қалдырмауы керек”, – деп атап өтті аймақ басшысы.