Малдың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ERNUR.KZ. Қызылордада 11 қойды жүк пойызы қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Көліктегі полиция департаментінде жыл басынан бері еліміздің темір жолында 522 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелген.
«Мәселен биыл мамыр айында Қызылорда облысының Жаңақорған – 26 РЗД-де жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан.
Соқтығысу нәтижесінде 11 бас қой поездың астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесі болып табылатын 32 жастағы азаматты анықтады», - деп жазылған хабарламада.
Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.