Қызылордада 4 жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлады

0
466

Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Қызылордада 4 жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлады

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін 5 қабатты тұрғын үйде болды. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

«Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар! Еске саламыз: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; балаларға ересектердің қарауынсыз үйден шығуға рұқсат бермеңіз», - деп ескертеді төтеншеліктер.