Қызылордада демалыс орындарының бірінде ер адам әйелді пышақтап кетті (видео)

0
550

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына адам өлтіруге оқталу дерегімен хабарлама түскен.


Қызылордада демалыс орындарының бірінде ер адам әйелді пышақтап кетті (видео)

Қызылордада пышақ жарақатын алған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сітлтеме жасап.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына адам өлтіруге оқталу дерегімен хабарлама түскен.

Қызылорда қаласында орналасқан демалыс орындарының бірінде қала тұрғындарының арасында жанжал болып, ер адам жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші әйел аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Қызылордалық полицейлердің кәсіби шеберлігінің арқасында күдікті “ізін суытпай” ұсталып, басқарманың уақытша ұстау абақтысына қамалды.


Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен және 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.