Қызылордада көршілерін пышақтаған ер адам ұсталды

0
102

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қызылордада көршілерін пышақтаған ер адам ұсталды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. 8 қаңтарға қараған түні Қызылорда қаласында қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызын пышақтаған. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам да қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға туралы полицияға марқұмдардың көршілері хабар берген. Шақырту бойынша жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген ресми хабарламада.