Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ.
ERNUR.KZ. Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады exk.kz.
Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің "102" арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады", -делінген хабарламада.
Бұған дейін канал суынан белгісіз ер кісінің мәйіті табылғаны туралы бейнежазбаны ТікТок қолданушысы жариялаған болатын.