Әлеуметтік желіде жасөспірімдердің полиция қызметкеріне дөрекілік көрсеткен видеосы тарады.
Фото: Polisia.kz
— 10 маусым күні таңғы сағат 5 жарым шамасында облыс орталығындағы аудандардың бірінде полиция қызметкерлері тыныштықты бұзу туралы хабарлама бойынша барған. Аталған құқықбұзушылық бойынша жасөспірімдер ұсталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүргендері үшін де жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдердің біріне қатысты билік өкілін қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жасөспірімдердің ата-аналары кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық дерек бойынша тиісті шаралар қабылданады, — делінген хабарламада.