Қызылордада жас балаға азғындық әрекет жасаған күдікті қолға түсті

0
647

Күдікті ретінде баланың әкесі ұсталды.


Қызылордада жас балаға азғындық әрекет жасаған күдікті қолға түсті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жас балаға азғындық әрекет жасаған күдікті қолға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл оқиға Сырдария ауданына қарасты елдімекеннің бірінде тіркелген. Мәлім болғанындай, оған әкесі күдікті деп танылып отыр.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабымен тергеп-тексеру жүргізілуде. Онда жас балаларды азғындық жолға түсіру жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабаралуынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар облыстық кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына орналастырылған.