​Қызылордада зорланған 9 жасар қыз бала ауруханадан шықты

0
2 567

Ауыр психологиялық және физиологиялық соққы алған қызбен мамандар ұзақ уақыт жұмыс жасайтын болады.


​Қызылордада зорланған 9 жасар қыз бала ауруханадан шықты

ERNUR.KZ. Қызылордада айуандық әрекеттің құрбаны болған 9 жасар қыз баланың жағдайы түзеліп келеді. Арнайы ота жасалған науқас ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда оқушы қыз әкесі мен әжесінің жанында, - деп жазады ҚазАқпарат.

Ауыр психологиялық және физиологиялық соққы алған қызбен мамандар ұзақ уақыт жұмыс жасайтын болады.

«Науқас облыстық балалар ауруханаға 4 шілде күні түн ортасында келіп түскен болатын. Жағдайы орташа ауыр болды. Жансақтау бөліміне жатқызылып, жыныс мүшесіне ота жасадық. Науқаспен психолог мамандар мен тәртіп сақшылары жұмыс жасады. 10 шілде күні ауруханадан шығардық. Дегенмен ол әлі біраз уақыт мамандардың бақылауында болуы қажет», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілдігі.

Естеріңізге сала кетейік, 4 шілде күні қаладағы «Ягодка» саяжайында жаға ұстатарлық қылмыс орын алған болатын. Қанды қол қылмыскер 9 жасар қызды зорлап, ол оны қорғамақ болған анасын өлтірген болатын. Қазір күдікті ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.

«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-120 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сондықтан қосымша мағлұматтар жарияланбайды», - деп мәлімдеді облыстық ІІД-нің департаментінің баспасөз қызметі.