Қызылордалық құтқарушылар Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды

0
562

Қостанай қаласына құрамында 31 адам, 6 бірлік техника, 10 мотопомпа, 2 қайық бар облыстың құтқару жасағы жіберілді.


Қызылордалық құтқарушылар Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды

Қызылорда облысы ТЖД күштері мен құралдары 26 наурыздан бастап Қостанай облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосалқы күш ретінде тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Қостанай қаласына құрамында 31 адам, 6 бірлік техника, 10 мотопомпа, 2 қайық бар облыстың құтқару жасағы жіберілді.

Қызылорда облысы ТЖД күштері мен құралдарымен Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Абай, Палуан және Боданов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында 7482 м3 су бұрылды, су деңгейі 10-15 см-ге төмендеді.

Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Шыңтас фазендасынан қайықты пайдаланып 5 адам құтқарылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру сорғы станциясын, мотопомпаны пайдалана отырып, 10 мың текше метр су сорылды.

Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы Қостанай облысындағы әріптестерімен бірлесіп 2 үрлемелі қайықты пайдалана отырып, 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Құтқару жұмыстары кезінде бірқатар қостанайлықтар Қызылорда құтқарушыларына алғыстарын білдірді. Жұмыс жалғасуда.