Тергеу органдары анасы қызына қайырымдылық қоры жинаған ақшаны қолма-қол етуге көмектескен деп есептейді.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. Волонтер Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева қызымен бірге күдікке ілінді. Ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты, деп жазады ulysmedia.kz.
Тергеу органдары анасы қызына қайырымдылық қоры жинаған ақшаны қолма-қол етуге көмектескен деп есептейді.
Бұған дейін Курсив басылымы Перизат әлеуметтік желіде араб елдеріне ет жеткізетін компаниясы бар екенін жазған. Алайда анасының атында етке байланысты компания тіркелмеген.
Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігінен осы ақпараттың мән-жайын сұрап, сауал жолдаған. “Біз бұл ақпаратты ресми түрде берген жоқпыз” деген жауап келді.
Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.