Елімізде нөлінші сыныптарды енгізу латын әліпбиінде оқулықтар дайындауға байланысты 2020 жылға ауыстырылған болатын. Осы орайда БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова оқулықтар апробациядан өтпейінше қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
фото: baq.kz

«Білім және ғылым министрлігінде латын әліпбиіне көшуге байланысты жұмыс тобы құрылған. Терминология және әдістеме комиссиясымен бірқатар отырыстар өтті. Латын әліпбиіне көшудің үлкен жоспары әзірленіп жатыр. Оқушыларды оқуылықтармен қамтамасыз ету және педагогтар әзірлеу мәселелері осы жоспарда қарастырылған», - деді Шолпан Каринова.
Ол 2020 жылы нөлінші сыныптар латын әліпбиіндегі оқулықтармен оқитынын және мұны бұрын да хабарлағанын атап өтті.
«Әзір ешқандай мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Оқулықтарды дайындау бәсекелес ортада жүргізіледі. Бүгінде баспалар бұл мәселемен жұмыс істеп жатыр. Мұғалімдер апробациядағы қазақ және орыс тіліндегі әліппенің 5 оқулығымен таныса алады. 2020 жылға дейін уақыт бар, баспалар жұмыс істей береді, сараптама өткізіледі. Латын әліпбиіне көшу 2025 жылға дейін жүргізілетіндіктен шығындар кезең-кезеңімен оқулықтар дайын болғанда және педагогтар біліктілігі артқанда ғана қарастырылады», - деді ол.